Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

МИФТАН ЕРТЕГІГЕ ДЕЙІН: ЕРТЕГІЛІК ОБРАЗДАРДЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНДАҒЫ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕКӨЗҚАРАС

Жарияланды September 2026

3

-2

Абай атыңдағы ҚазҮПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Каскабасова Х.С.

кафедра русского языка и литературы

старший преподаватель

Абай атыңдағы ҚазҮПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Поляк Д.М.

кафедра русского языка и литературы

к.ф.н, старший преподаватель

Аңдатпа

Мақалада архаикалық мифологиялық дүниетанымның ертегі фольклорындағы әйел бейне-лерінің генезисіне, қалыптасуына және кейінгі эволюциясына тигізген әсері зерттеледі. Славян және қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің материалы негізінде матриархаттық құдайлар, тотемдік бабалар және әйелдің сакралды функциялары туралы ежелгі түсініктердің әйел кейіпкерлердің амбивалентті бейнелеріне трансформациялануының күрделі тарихи процесі қарастырылады. Әртүрлі этномәдени дәстүрлердегі хтондық әйел кейіпкерлерін салыстыруға мүмкіндік беретін кросс-мәдени компаративті талдауға ерекше назар аударылады. Мақалада бұл бейнелердің дихотомиясы зерттеледі: дана көмекшілер мен сый берушілерден бастап, Баба-Яга, Жалмауыз кемпір және Албасты сияқты культтік фигураларда айқын көрініс тапқан қауіпті деструктивті күштерге дейін.

Жұмыста бұл кейіпкерлердің мифопоэтикалық тамыры, олардың ежелгі инициация ғұрыптарымен, өнімділік культтерімен және ғалам құрылымының ертедегі космогониялық модельдерімен тікелей байланысы талданады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы гендерлік-сакралды трансформациялар призмасы арқылы ежелгі мифтен қиял-ғажайып ертегіге өту динамикасын қайта пайымдауда жатыр. Мақалада орнықты фольклорлық сюжеттердің негізінде жатқан әмбебап және этноспецификалық мәдени кодтар айқындалады. Жұмыс ертегідегі әйел бейне-лерінің менталды табиғатын түсінуге, олардың архетиптік негізін анықтауға және мәдени мағы-налардың сабақтастығын қадағалауға мүмкіндік береді. Мақала материалдары фольклортану, салыстырмалы мифология, мәдени антропология және түркология бойынша оқу курстарында қолданыла алады.

PDF (Русский)
Тіл

Русский