Мақалада қазіргі уақыттағы көркем шығарманы оқыту мәселесіне қатысты ой-тұжырымдар жасалады. Әдебиеттің тектері, соның ішінде драмалық шығармаларды оқытуға қатысты әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері, оқыту үрдісі жеке-жеке таратылып көрсетіледі. Оқыту әдістерінің арасынан драманы оқыту әдістерін жүйелеп, оны мысалдар арқылы бекітіп, топтастырады. Көркем шығарманы оқыту әдістерін топтастырған ғалымдар еңбектеріне сілтеме жасай отырып, әдістердің тиімділігі анықталады. Әдеби туындыны оқушының қабылдауына тікелей ықпал ететін әдіс-тәсілдердің оқушының оқырмандық қабілетін қалыптастыруға тигізер әсер-күшінің ерекшелігі айтылады. Шығармашылық іздендіру әдісінің ерекшелігі көркем туындыны оқуға тірелетіні, оқушыныің эстетикалық талғамы мен сезім дүниесінің көркеюіндегі орнына тоқталады. Проблемалық оқыту әдісінде көркем туындыдағы өзекті мәселені оқушының ажырата алу дағдысы қалыптасатыны мысалдармен бекітіледі. Шығарма мәтінін оқумен басқа стильдегі мәтіндерді оқудың аражігі ажырытылып, көркем шығарманы оқыту көркем оқуға негізделетіні мысалдармен анықталады. Шығарма жазу- оқушының көркем шығарманы толық түсініп, авторлық идеяны, тақырып пен өзекті мәселені тани алуына әкеледі. Драмалық шығармаларды жазбаша жұмыстар орындату арқылы тиімді оқыту, оның түрлері, мақсаты айқындалады.
ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Жарияланды June 2021
3958
3953
Аннотация
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
оқыту әдістері, әдістеме, драманы оқыту, шығармашылық, мәнерлеп оқу, оқу үрдісі, т.б.
Как цитировать
[1]
Бораш, Р. 2021. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 309–317. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.50.
