Мақалада салыстырмалы-типологиялық тәсіл негізінде қазіргі орыс және өзбек прозасындағы деректіліктің ерекшеліктері зерттеледі. Деректілік ұғымының теориялық аспектілері, оның факт, куәлік, жады және авторлық интерпретация категорияларымен байланысы қарастырылады. Нақты материалды көркем ұйымдастыру тәсілдеріне және оның әдеби шығарманың құрылы-мындағы қызметіне ерекше назар аударылады. Зерттеу материалы ретінде А.И. Солженицын-ның «Иван Денисовичтің бір күні», Наим Каримовтың «Чулпан», П.В. Басинскийдің «Лев Толстой: Жұмақтан қашу», Л.Е. Улицкаяның «Қасиетті қоқыс» және Шукруллоның «Кебінсіз жерленгендер» атты шығармалары алынды. Талдау барысында орыс және өзбек әдебиеттерінде жүзеге асатын деректіліктің негізгі модельдері: куәгерлік баяндау, өмірбаяндық реконструкция және тарихи тәжірибені автобиографиялық тұрғыдан пайымдау айқындалды. Зерттелген шығармаларда деректі факт тек шынайы ақпарат көзі қызметімен шектелмей, авторлық ұста-нымды және мәтіннің мағыналық мазмұнын қалыптастыратын көркем құрылымның маңызды элементіне айналатыны көрсетілді. Орыс және өзбек прозасының ұқсастығы тарихи шындықпен байланысты сақтауға және адамның шынайы тәжірибесін жеткізуге ұмтылысында көрінсе, айырмашылықтары дереккөздердің сипаты, авторлық қатысу деңгейі және деректі материалды баяндау тәсілдері арқылы анықталатыны дәлелденді. Зерттеу нәтижелері қазіргі ұлттық әдеби дәстүрлердегі деректіліктің типологиялық ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді.
ОРЫС ЖӘНЕ ӨЗБЕК ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТІЛІКТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ КУРСЫНДА САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ
Жарияланды September 2026
16
11
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
С.Б., С. 2026. ОРЫС ЖӘНЕ ӨЗБЕК ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТІЛІКТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ КУРСЫНДА САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 97, 3 (Sep. 2026), 120–127. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2026.97.3.013.

