Көшіріп алу және плагиат
Техникалық редактор мәтіндік қарыздарды анықтау үшін барлық жіберілген мақалаларды арнайы Antiplagiat (License) қарсы жүйеде тексереді. Егер мақалалар талап етілетін 75 % көрсеткішке жетпесе, онда техникалық редактор талап етілетін көрсеткіш орындалғанға дейін олардан бас тартуға құқылы.
Жасанды интеллектті пайдалану ережелері
Ғылыми мақаланы жазу барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың рұқсат етілген шекті үлесі 10 %-дан аспауға тиіс. ЖИ қолдану деңгейі 11–15% аралығында болған жағдайда мақала авторға қайта өңдеуге жіберіледі. Ал ЖИ үлесі 16%-дан жоғары болса, мақала қарастырылмайды және қабылданбайды.
ЖИ құралдарын келесі жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі: деректерді өңдеу және талдау; ғылыми ақпаратты іздеу, іріктеу және жүйелеу; ғылыми мазмұнның мағынасын өзгертпей мәтінді редакциялау; кестелер, диаграммалар және өзге де визуалдық материалдар дайындау; мақаланы техникалық форматтау.
ЖИ құралдарын келесі мақсаттарда қолдануға тыйым салынады: негізгі ғылыми идеяны, гипотезаны және қорытындыларды жазу; авторлық талдау мен зерттеу нәтижелерін алмастыру; мақаланың бөлімдеріндегі мәтіндерді автоматты түрде генерациялау.
