Мақалада қазақ тіл біліміндегі kök сөзінің шығу төркінін, этимологиялық негіздерін қарастырады. Kök сөзінің шығу төркіні жайлы айтылған еңбектер мен ғылыми ой-пікірлер талдап көрсетіледі. Қазақ халқының ғаламның тілдік бейнесін kök сөзі арқылы тану жолдары талданады. Ғылыми мақаланың мақсаты – kök сөзінің пайда болу тарихы мен тіл дамуындағы қолдану аясының кеңеюін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін көне түркі сөздігіне, М.Қашқаридың "Түркі сөздігіне", қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне тоқталып, солардың негізінде kök сөзінің шығу тарихына талдау жасалынды. Kök сөзінің танымдық дискурстағы (тұрақты тіркестер, бата-тілек, проза, поэзия) көрінісі нақты тілдік деректер арқылы айқындалды. Kök сөзіне байланысты сөздердің этимологиялық негіздерін берудегі негізгі мақсат – kök сөзіне қатысты түбір сөздердің негізі түркі тілдерінің өзінде жатқандығын көрсету. Мақалада kök сөзінің этимологиясына талдау жасалғанда семантикалық, экстралингвистикалық принциптер негізге алынды. Kök сөзі мен одан туындаған тіркестердің табиғатын зерттеудің нәтижесі қазақ тілі лексикологиясы, семасиология, фразеология, когнитивтік тіл білімі, лингвомәдениеттану т.б. салаларын оқытуға қажетті құнды материал болып саналады.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨК СӨЗІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Жарияланған September 2023
94
79
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
этимология
kök сөзі
ғаламның тілдік бейнесі
сӛз тіркесі
түркі тілдері
экстралингвистикалық принцип
тіл тарихы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Alkaya, E. і Pansat, Z. 2023. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨК СӨЗІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 84, 2 (Вер 2023), 5–12. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.84.2.001.