Профессор Құдайберген Жұбанов - өткен ғасырдың бас кезеңінде қызмет еткен ғалым. Ол қазақ тіл білімі саласының қалыптасуына ерекше үлес қосқан еді. Қазіргі кезде оның ғылыми еңбектері терең зерттеліп, «жұбановтану» деген атпен ғылыми ортаға танылды. Оның Есет Жұбанов және Асқар Жұбанов деген екі баласы да қазақ тілін зерттеуге ерекше үлес қосқан ғалым адамдар болды. Сондықтан мақалада «Жұбановтану» саласындағы зерттеулерді одан әрі жалғастырудың бағыттары туралы баяндалған.Жұбановтану – ағайынды Құдайберген және Ахмет Жұбановтардың ғылыми мұрасын танып-білуге қатысты ортақ анықтама. Сондықтан біз бұл мақаламызда қазақ тілі мәселелерін ғана сөз етпекпіз. Қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасып, дамуының алғашқы бастауында тұрған А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы сынды т.б. біртуар ғалым азаматтардың ана тіліміздің зерттелуіне қосқан еңбектері ерекше болды. Осы айтулы азаматтар қатарында қазақ тілінің болашағы үшін ерінбей еңбек етіп, өзінің артында мол ғылыми мұрасын қалдырған профессор Құдайберген Жұбанов есімін ерекше атап көрсетеміз
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Қазақ тіл білімі, түрік тілдері, ғылым, әліпби, жазу, ауыз әдебиеті, тіл мен математика
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Миров, М. і Садуақас, Н. 2021. ЖҰБАНОВТАНУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БЕТТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 129–135. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.20.