Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АВТОР БЕЙНЕСIН ЖАСАУДАҒЫ ЭКСПРЕССИВТI-ЭМОЦИОНАЛДЫ ЛЕКСИКАНЫҢ РОЛІ (Д.ИСАБЕКОВ ПЕН Ш.АЙТМАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Жарияланған June 2023

93

363

Логистика және көлік академиясы, Алматы, Қазақстан
Логистика және көлік академиясы, Алматы, Қазақстан
Аңдатпа

Бұл мақалада тілде кездесетін көптеген құралдар эмоционалды-экспрессивті ақпаратты беру тәсілі болып табылатындығы туралы айтылады. Олардың зерттелу тарихын ірі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жүйелей келе, Д. Исабеков пен Ш.Айтматов шығармаларын салыстыра отырып талдау көрсетіледі және шығарма авторларының қалауы бойынша қолданылған әртүрлі эмоционалды-экспрессивті құралдарды қолдану шеберлігін, оқырман жүрегіне жол табу ерекшелігі мен ұсастықтарын зерттейді.    Тiлдiң үш түрлi негiзгi қызметi бар дейтiн болсақ, оның негiзгi басты қызметi – адамзаттың қатынас құралы қызметiн атқару, екiншiсi – заттардың атауы болу, үшiншiсi – адамның iшкi сезiмiн, айналасында болып жатқан құбылысқа айтушының не жазушының көзқарасын бiлдiру.

Эмоция субъективтiк қасиетке ие, өйткенi ол баға берумен тығыз байланысты. Жаман мен жақсы, қуаныш пен қайғы, күлкi мен жылау, қарғыс пен алғыс, рахат пен азап т.б. сияқты түсiнiктер объективтi дүниедегi заттар мен құбылыстардың табиғатына салыстыра баға берумен пайда болады.

Эмоционалды -экспрессивті лексика кез-келген әдеби шығарманың авторы мен кейіпкерлерінің құнды   эмоционалдық маңызды қарым-қатынасын білдіретіндіктен,   оның әдеби шығармадағы рөлі оқырманға да, зерттеушіге үлкен қызығушылық тудырады.

Түйін сөздер: эмоция, экспрессия, салыстыру, лингвистика, автор идеясы, оқиға желісі, әлеуметтік орта, экспрессивті бояу, эмотивті компонент.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Турдалиева Э.Д. і Ақынова Ж.М. 2023. АВТОР БЕЙНЕСIН ЖАСАУДАҒЫ ЭКСПРЕССИВТI-ЭМОЦИОНАЛДЫ ЛЕКСИКАНЫҢ РОЛІ (Д.ИСАБЕКОВ ПЕН Ш.АЙТМАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 82 (Чер 2023), 29–43. DOI:https://doi.org/10.51889/5407.2022.90.54.004.