Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛІНДЕГІ ӨЛШЕМ КАТЕГОРИЯСЫ

Жарияланды June 2021

261

256

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Т. Калбирова

докторант

Аннотация

Бұл мақалада заттың, нәрсенің сапалық және сандық сипаттарының диалектикалық бірлігін көрсететін философиялық категория саналатын өлшем ұғымы туралы мәлімет беріледі. Қазақ және француз тілдеріндегі өлшем атаулары қарастырылады. Өлшем ұғымын білдіретін соматизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері сөз болады. Адамның денесі дүниедегі алғашқы өлшеу құралы болғандығы, адамдар сызғышты және бір нәрсенің көлемін өлшеуге арналған өзге де құралдарды ойлап тапқанға дейін заттарды өз денесімен салыстырғандығы, тұрмыстық жағдайларға байланысты адам өзінің болашақ баспанасының ұзындығын, енін және биіктігін өзінің бойына шақтап жасағандығы туралы айтылады. Қазақ және француз тіліндегі өлшем атаулары салғастырмалы және компоненттік талдау әдістері арқылы зерттеледі. Соматикалық өлшем атауларының адам тұрмыс-тіршілігіндегі нысандардың арақатынасындағы реттілік пен меже-шаманы, көлем мен мөлшерді айқындаудағы ментальдық сипаты қарастырылады. Өлшем бірлігі ретіндегі соматикалық атаулардың ерекшеліктері талданады.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Калбирова , Т. 2021. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛІНДЕГІ ӨЛШЕМ КАТЕГОРИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 99–106. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.16.