Мақала Қайта өрлеу дәуіріндегі Нидерландия әдебиетінің көрнекті өкілі Эразм Роттердамский шығармаларының маңызын пайымдауға арналған. ХVІ ғасырдағы Нидерландия әдебиетіндегі сатира жанрының дамуы Эразмнің «Ақымақтыққа мақтау сөз» сатиралық шығармасы негізінде қарастырылады. Талантты жазушының қаламгерлік шеберлігі, реалистік және демократиялық бағытының айқындығы нақты мысалдар арқылы талданады. Шығармаларының идеялық бағытын, кейіпкерлерді суреттеудегі өзіне тән ерекшеліктерін саралау арқылы сол кезең әдебиетіндегі жазушының өзіне тән қасиеттерін жоққа шығаратын, шығармалардағы халықшылдық рухқа және реалистік дамуға кедергі болған, табиғат пен адамның қадір-қасиетіне дұшпан, шынайы өмірді мойындамайтын діни-аскеттік саясатқа қарсы сыни көзқарасты бағалауға талпыныс жасалады. Мақалада сонымен қатар, Эразм Роттердамский шығармаларының өзінен кейінгі орта ғаырлық әдебиетке тигізген әсеріне де ғылыми тұрғыда баға беріледі.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ КОНТЕКСТІНДЕГІ ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Жарияланған June 2023
115
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қобланов, .Ж. і Балтогаева , Ж. 2023. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ КОНТЕКСТІНДЕГІ ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 80 (Чер 2023), 29–36. DOI:https://doi.org/10.51889/4326.2022.84.96.003.