Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АКАДЕМИК ШОРА САРЫБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ ТІЛІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Жарияланған June 2021

131

123

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Қ. Есенова

ф.ғ.д.,профессор

Аңдатпа

Мақалада академик Шора Сарыбаевтың баспасөз тіліне қатысты ғылыми тұжырымдары талданады. Баспасөз тіліндегі сәтсіз аудармалардың, вариант сөздердің, бейәдеби тілдердің қолданысы әдеби норманы бұзатыны туралы пікірлері көрсетіледі. Ғалым Ш.Сарыбаев 1920-30 жылдардағы жаңа сөздердің әдеби тілге ену, енбеу динамикасы туралы тұжырымдары талданады. 1999 жылы жазылған «Бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі жаңа қолданыстар» атты мақаласындағы тәуелсіздік кезеңдегі газет, журналдар тіліндегі бірқатар ерекшеліктер талқыланады. Кеңестік дәуірдегі бір ғана идеологияны қолдайтын қоғамның газет, журналдарының тілі мейлінше әдеби тілде жазылуы, стильдік және орфографиялық қатесіз жазылуы қатаң сақталды. Бірақ ғалым Шора Сарыбаев көрсеткендей баспасөз тілінде орыс тілі арқылы енген жаңа шеттілдік сөздерді аударуда, дұрыс балама табуда қиындықтар туындаған. Ғалым мерзімді баспасөз арқылы жаңа қолданыстар тез таралатынын ескере келіп, газет, журналдарда терминком бекітпегенше балама атаулар негізгі сөзбен қатар қолданылғанын дұрыс санайды. Себебі, кейбір аудармалар сәтсіз болуы мүмкін деп есептеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Есенова, Қ. 2021. АКАДЕМИК ШОРА САРЫБАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ ТІЛІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 32–36. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.05 .