Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

БОЛАТ ШАРАХЫМБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ “КІСІКИІК” ҰҒЫМЫНЫҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

Жарияланған April 2023

115

52

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е.C. Қасенов

филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы

Аңдатпа

Мақалада ақын Болат Шарахымбай поэзиясындағы “кісікиік” ұғымының лингвофилософиялық мәні мен қолданылу ерекшелігі қарастырылған. “Кісікиік” ұғымының жалғыздық тілдік бірлігімен мағыналық үйлесімде екендігі жан-жақты айқындалған. Бұл ұғымдардың өзара мағыналық жақындығы жан-жақты зерделенген. “Жалғыздық” пен “кісікиік” ұғымының аражігі алшақ еместігі ақын өлеңдерінен алынған мысалдармен дәлелденген. “Жалғыз” бен “жалғыздық” лексемалары өзара түбірлес болғанымен көркем туындыда қолданылу мақсатына сай мағыналық бояулары да өзгеше болып келетіндігінің аражігі көрсетілген.

“Кісікиік” ұғымын толықтыратын фразеологизмдердің ақынның өзіне ғана тән шеберлікпен қолданылғандығы және олардың ұлт танымымен байланысы сөз болған. Ақын Болат Шарахымбай поэзиясындағы фразеологизмдерден ақынның “жалғыздыққа” көзқарасы мен өмірлік тәжірибелерінің бір көрінісі анық байқалатыны сөз етілген. Ақын Болат Шарахымбай поэзиясындағы “жалғыз” сөзінің “бір өзі, тек қана” мағынасында ғана емес, “жалғыздықты” анығырақ танытатыны анықталған. Ақын өлеңдеріндегі фразеологизмдер құрамындағы тілдік бірліктердің өзге бірліктермен алмастырыла қолданылуы туралы да сипатталған. Мақалада адамның жатқа айналуының, жалғыздыққа ұмтылуының, кісікиіктенуінің себептері нақтылы талдаулар арқылы анықталып берілген. Ақынның жалғыздық туралы ойы мен көзқарасының өлең-жырда көрініс табуының себептері де сөз етілген.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қасенов , Е. 2023. БОЛАТ ШАРАХЫМБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ “КІСІКИІК” ҰҒЫМЫНЫҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 77 (Квіт 2023), 57–66. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7804.08.