Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі ақын, білімдар философ, тарихшы М.Көпейұлының әдеби мұрасының зерттелуі жайында сөз болады. Өз заманының әлеуметтік шындығы мен ел өмірінің жағдайын мейлінше шынайы суреттеп өткен ақынның тағдыры қаншалықты күрделі болса, оның шығармалары да халқына қиындықтармен жетті. Ақын мұралары туралы пікір білдірген алғашқы мақалалардан бері қарай қысқаша шолу жасай отырып, Мәшһүртану саласында бүгінгі таңда еңбек етіп жүрген белгілі ғалымның шығармашылық жолына талдау жасалады. Ақын шығармалары қазіргі уақытта халықтың рухани мәдениеті үшін үлкен маңызға ие. М.Көпейұлы өз заманының ірі тұлғасы, рухани көсемі, терең ілім иесі болды. Ақынның өмір сүрген кезеңі аса күрделі, өтпелі кезеңдермен, аласапыран уақыттармен тұспа-тұс болды. Мәшһүр есімі ел жүрегінде тек ақындығымен емес, әулие, діндар, тақуалығымен және ешкімге ұқсамайтын таңғажайып өмір жолдарымен де қалды. Ақын шығармашылығы өзінің мол рухани тәжірибе арналарымен халықты діни, адамгершілілік құндылықтармен сусындатып келеді. Халықтың ақын шығармаларына деген ішкі сұранысына сай Мәшһүртанудың зерттеу арналары да кеңейіп келеді.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
рухани қазына, Мәшһүртану, заман шындығы, сөз өнері
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әбдіғазиұлы, .Б. 2023. МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 77 (Квіт 2023), 29–35. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7804.04.