Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ВАРИАНТТЫ СӨЗДЕР

Жарияланған June 2021

102

83

әль - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Сағындықұлы

профессор, әль - Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Раева

доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,Алматы, Қазақстан.

Аңдатпа

Бұл мақалада тіл алды дауыстылары мен тіл арты дауыстылары арқылы айтылып, бір мағына беретін сөздер салыстырмалы талданады. Тілдің ұзақ тарихи даму барысында тіл арты және тіл ортасы арқылы дыбысталатын дауыстылар, дауыссыздар тілдің алдыңғы бөлігіне жылжыды. Осыған, әрине, табиғат жағдайы, адамның физикалық мүмкіндіктерінің (адам бойының, дене қалпының) өзгеруі әсер еткен. Мақалада «сингармониялық варианттар мен параллельдер» деп тіл білімінде термин ретінде аталған осындай вариантты сөздердің көне формасы салыстырмалы талдаулар негізінде анықталады. Сингармониялық варианттар қазіргі тілдерде бір буынды сөздерде көп ұшырасады, бұл аталған құбылыстың тарихилығын байқатады. Егер лексика-семантикалық мағынасында айырмашылығы жоқ, дауысты дыбыстардың еркін алмасуынан жасалатын осындай жарыспалы түбірлерді жеке бір тіл аясында немесе түркі тілдерін, олардың диалектілерін бір-бірімен салыстыра, салғастыра көрсетсек, сингармониялық варианттардың саны өте көп. Сондықтан қазақ-түркі сөздеріндегі ежелгі түбірлерді тіл арты дауыстыларымен дыбысталғанын дәлелдеу үшін біз сингармониялық варианттар ішіндегі жуан және жіңішке дауыстылар сәйкестігіне арнайы тоқталдық

pdf. (Русский)
Тіл

Русский

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сагындыкулы, Б. і Раева, Г. 2021. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ВАРИАНТТЫ СӨЗДЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 40–46. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.05.