Мақалада қазақ қоғамында аламағайып өзгерістер мен ауқымды жаңалықтарға толы кезең болып табылатын ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттану ғылымындағы жаңашылдықтар мен Алаш арыстарының шығармашылықтары туралы пікірлер ұлттық поэзияның шеңберінде тыңғылықты сараланады. Сондай ақ, аталмыш кезеңдегі ақындардың мұраларындағы бостандыққа, ағартушылыққа, саясатқа, рухани құндылықтарға, жалпы халықтың жағдайы мен қоғамдық өзгерістерге қатысты туындылардағы орамды ойлары тәуелсіздік идеясы мен сабақтастықта қарастырылады. Қазақ әдебиетінің эволюциялық даму жолындағы ХХ ғасырдың басы мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және одан кейінгі кезең мен Тәуелсіздік жылдарындағы ақындар поэзиясының көркемдік қуаты, тақырыптық-идеялық сипаты, мазмұндық, стильдік ерекшеліктері жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар, ХХ ғасыр мен Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындардың шығармалары әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық категориясының негізінде қарастырылып, соның аясында жан-жақты сипатталады. Яғни ұлттық поэзиямыздағы өмір құбылыстарының ішкі сырын, мәнін терең ашып беретін, олардың қасиет-сипатын, типтік тұрғыдан саралап көрсететін шынайы өмір мен көркемөнер арасындағы байланыстың нәзік желілері әр кезеңдегі ақындар шығармашылығымен байланыста талданып, дәстүр мен жаңашылдық сипатында одан әрі айқындала түседі.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ (ХХ ғасыр мен тәуелсіздік кезеңінде)
Жарияланған December 2021
270
214
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
поэзия, дәстүр, жаңашылдық, рухани құндылық, ақын
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Куттыбаев, Ш. і Абдимомынов, Е. 2021. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ (ХХ ғасыр мен тәуелсіздік кезеңінде). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 76 (Груд 2021), 118–128. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-7804.15.