Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІКТІ ЗАҢДЫҚ ТҰРҒЫДАН РЕТТЕУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған June 2021

157

146

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

O. Ошанова

ф. ғ. к., доцент

Аңдатпа

Бұл мақалада автор қазіргі кезде өзекті болып отырған интернет кеңістігін құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесін көтереді. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес, барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұның себептері де салмақты, біріншіден, бұл ұлттық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, екіншіден, сөз бостандығы мен жариялылығы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылатындығында болса керек. Әлемнің дамыған елдерінде интернет кеңістікті заңдық тұрғыдан реттеу тәжірибесі кеңінен қолданылып келеді және олар ғаламтордың шексіз мүмкіндігін заңсыз әрекет етуші күштердің пайдалануына тосқауыл қоюдың түрлі әдіс-тәсілдерін ойластырып қойған.

Бұл тұрғыдан алғанда біздің елімізде бұл мәселе соңғы екі-үш жылда ғана қоғам тарапынан кеңінен талқыланып, заңдық тұрғыдан реттеудің қатаң шаралары қолға алынып жатыр. Мақала авторы осы бағыттағы отандық реттеу шараларын жан-жақты талдай келіп, сонымен қатар әлеуметтік желілерге қатысты орын алып отырған заңсыздықтарды сараптайды. Мәселен, терроризмді насихаттау, бейәдеп сөзбен балағаттау мәселелерін реттеуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі сөз етеді. Осылайша нақты деректер негізінде мәселені салыстыра қарастырып, еліміздегі интернет кеңістікті бақылаудың кемшіліктері мен жетілдірер тұстарын ашып көрсетеді.

Еліміздегі ақпаратты бұғаттау және оны қайта қалпына келтіру тәртібі ақпараттың немесе ақпараттық ресурстың мазмұнына тікелей қатысты. Заңнама бойынша олар жүйеленіп, нақты атап көрсетілген.

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ошанова O. 2021. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІКТІ ЗАҢДЫҚ ТҰРҒЫДАН РЕТТЕУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(71) (Чер 2021), 676–683. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7804.114.