Мақалада жоғарғы педагогикалық білім беруді гуманитарландыру және ізгілендіру тұжырымдамасының негіздемесі қарастырылды. Ізгілік ортаны ұйымдастырудың ғылыми құралы ретінде акцент әдіснама маңыздылығының аксиологиялық аспектісіне берілді.
Тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін ашатын, білім беруді ізгілендіруді білім беру қызметі ретінде түсінуге ерекше назар аударылды. Жалпыадамзаттық құндылықтарды ақылмен интеграциялау, білім беруде алға қойылған мақсаттарға жету шарттарын бекітеді. Болашақ педагогтардың құндылықты бағдарларын қалыптастыру үдерісінде оқу-тәрбие жұмысын және жалпыадамзаттық құндылықтар практикасын интеграциялау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Білім беру үдерісінің субьектісі ретінде тұлғаны қалыптастыруда “құндылық”, “аксиология”, “ізгілік” ұғымдарының жетекші рөлі анықталды. Мақалада педагогтарды кәсіби даярлаудың аксиологиялық тәсілінің мәні ашылған, әдіснамалық-теориялық және рухани-адамгершілік деңгейлері қарастырылған.
Берілген деңгейлер тұрғысынан аксиологиялық тәсіл ізгілікті ортаны ұйымдастыру қағидасы және педагогикалық білім беру мазмұнын құру құралы ретінде қарастыруға болатыны негізделген. Педагогикалық білім беру контекстінде ізгілікті ортаны ұйымдастыру және болашақ педагогтардың санасын дамытудың аксиологиялық аспектілері баяндалады.