Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАЗМҰНДАҒЫ ТРАНСМЕДИАЛЫҚ ЖОБАЛАРДА ЫҚПАЛДАСУ ФОРМАЛАРЫ

Жарияланған June 2021

98

89

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр- Cұлтан, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ұ. Есенбекова

ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр- Cұлтан,Қазақстан.

Аңдатпа

Қазіргі ақпаратқа қаныққан, талғамы биік қоғамдарда енжарлық феномені жиі байқалуда. Бұл – азаматтардың билікке де, оппозицияға да бейтараптық, бейжайлық көңіл-күйлердің басым болуы. Трансмедиалық технологиялардың көмегімен азаматтық бейтараптықты болдырмауға бола ма? Азаматтардың белсенділігін күшейту үшін не істеу керек?

Автор осы сұрақтарға трансмедиалық стратегияларды зерттеу арқылы жауап іздейді. Трансмедиалық жобалардың бір ерекшелігі – аудиторияны қызықтырып, өзінің ықпал ету шеңберінен шығармайды. Зерттеу гипотезасы бойынша – трансмедиалық жобаларға саяси және әлеуметтік мазмұн берілсе, онда азаматтық қоғамдағы белсенділік деңгейін де өсіруге болады.

Мақалада трансмедиалық формаларды қолданып жобаның аудиторияға әсерін анықтау мәселесі талданған. Автор трансмедиалық тәсілдерді дұрыс таңдау арқылы тележобаларды ұлттық мүддеге, қоғамның дамуына тигізер оң ықпалын күшейту жолдарын зерттеп, дәлелдермен тұжырымдаған.

pdf.