Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ МӘДЕНИ СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған June 2021

143

121

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Қойбақова

ф. ғ. магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы., Қазақстан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Р. Досымбекова

PhD доктор

Аңдатпа

Бұл мақалада қытай тіліндегі аударма мәселелері, оның ішінде қытай мәдениетіне қатысты сөздерді қазақ тіліне аударуда кездесетін қиындықтар, оларды аударудың әдіс тәсілдері, сонымен қоса, тіл мен мәдениеттің өзара байланысы жайлы сөз қозғалады. Мәдени сөздер лексикалық, стилистикалық, логикалық, грамматикалық қырларынан салыстыра зерттеліп, олардың қазақ қытай тілдеріндегі ерекшеліктері мен ұқсас тұстары жан-жақты қарастырылады. Сонымен қоса, мақалада әрбір елдің материалдық және рухaни мәдениетінің көрінісі саналатын түр-түс реңдері мен туыстық атауларын аударуға баса мән беріледі.

Қытайда ашық есік реформасы жүргізілген жылдардан бері сыртқы әлеммен байланысы күн санап артып келеді. Қытай тілінің де әртүрлі тілдермен байланысы артып, аударма саласы да қарыштап дамуда. Қоғамның аудармашыларға деген сұранысы да артты. Қоғам дамуының талаптарына сай келу үшін аударма да шет тілдерді оқытуда оның бөлінбес бөлшегіне айналды. Сондықтан қытай тілінің әрбір саласына қатысты сөздерді аудару мәселелерін зерттеу қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оның ішінде мәдени салаға қатысты сөздердің табиғатын танып, оларды жүйелі түрде зерттеу және ана тілімізге аудару аударма теориясы мен практикасы үшін маңызды үлес қоспақ.

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қойбақова, А. і Досымбекова, Р. 2021. ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ МӘДЕНИ СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 608–614. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.101.