Бұл мақалада қазақ терминологиясының пайда болуы мен дамуындағы Құдайберген Жұбанов еңбектерінің маңызы айтылған. Ғалым Құдайберген Жұбанов еңбектеріндегі термин мәселесі мен қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу жолдары нақтылы мысалдармен дәлелденіп берілген. Термин жасаудағы ғалым ұсынған ғылыми ұстанымдар да сөз болған. Құдайберген Жұбановтың терминология саласындағы еңбегінің өлшеусіз екендігін айғақтайтын пікірлер нақты дәйек ретінде келтірілген. Халықаралық терминдерді аудару мәселесіндегі ғалым Құдайберген Жұбановтың пікірлері мақалада сөз етіліп, нақты дәйектер келтірілген. Ғалым Құдайберген Жұбановтың интернационалдық сөздерден қашпау керек деген ұстанымының маңызы туралы дәлелді түрде жеткізіледі. Сондай-ақ мақалада Құдайберген Жұбановтың сөздің терминге айналуы барысындағы қосымшаның өзіндік ерекшелігі жөніндегі ойлары да сөз етілген. Ғалым Құдайберген Жұбановтың сөзге жалғанған әрбір қосымша белгілі бір ұғымға қатысты жалпылық сипатқа ие жаңа сөз жасайтынын нақтылап бергендігі де барынша сипатталған. Қазіргі тіл білімінде терминнің негізгі қасиеттерінің бірі мағына дәлдігі десек, бір тіл мен екінші тіл арасындағы мағына сәйкессіздігі де мақалада айтылған. Бұл мәселенің бүгінгі күннің де өзекті мәселесінің бірі екендігі мақалада қарастырылған.
ПРОФЕССОР Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған June 2021
237
221
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Касенов , Е. і Жиренов , С. 2021. ПРОФЕССОР Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 91–94. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.19 .