Бұл мақалада орыс тілі сабақтарында паремияны оқытудың әдістемелік жүйесі қарастырылады. Паремияны лингвомәдени талдау мәдени-тарихи сипаттағы жинақталған ақпарат негізінде этностың қалыптасқан құндылық-маңызды түсінігін, ең алдымен адам туралы белгілі бір қасиеттердің, қызметтің, оның әлемге деген қарым-қатынасының жиынтығын анықтауға мүмкіндік береді. Паремия-бұл халықтан шыққан афоризмдер, өзінің формасы қысқалығымен, мән-мағынасының өсуімен сипатталатын және әдетте, терең мағынасы бар. Паремия тіл мен мәдениетті зерттеуге арналған бірегей объект болып табылады, оның мақсаты - тілдік бірліктердің мәні құрылымындағы мәдени қатпарларды зерттеу. Паремия тек қана ой-пікірді білдіруге ғана емес, сонымен қатар өмірлік заңдылықтар туралы жалпылама түсініктерді қалыптастыруға да қабілетті. Паремия әлемнің ұлттық тілдік картинасының бөлігі болғандықтан, ұлттық тілдік менталитеттің бөлігі болып табылатындықтан, бұл жағдайда, біздің ойымызша, сондай-ақ паремиологиялық қорда көрсетілген мақал-мәтелдік менталитеттің бар екендігі туралы айтуға болады. “Орыс тілі” пәнін оқыту кезінде студенттер тілдік бірліктерді лингвомәдени талдау дағдыларын меңгеруге, жаттығулар мен тапсырмалардың әр түрлі әдістер арқылы танысуға, алған дағдыларды қолдануға және сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-әрекеттерде іскерлікті жүзеге асыруға дайын болуға мүмкіндіктері бар.
ОРЫС ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАРЕМИЯНЫ ЛИНГВОКУЛЬТУРОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІ
Жарияланған June 2021
149
163
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
тіл, мәдениет, паремия, лингвомәдениеттану, жаттығулар, фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бекмамбетова , З. 2021. ОРЫС ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАРЕМИЯНЫ ЛИНГВОКУЛЬТУРОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 561–568. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.94.