Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - ІЗДЕНІС ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ

Жарияланған June 2021

88

118

бай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Сарбасова

магистр, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы,Қазақстан.

Аңдатпа

Студенттің креативті ойлау қабілетін дамытатын технологиялардың бірі – шығармашылық - ізденіс технологиясы. Оқытудың шығармашылық-ізденіс технологиясы оқытушының өзіндік, шығармашылық шешімін талап ететін танымдық және практикалық міндеттерді қою арқылы студенттердің ізденушілік, танымдық қызметін ұйымдастыру болып табылады. Шығармашылық-ізденіс технологиясының мәні – ізденісті және білімді қолдануды ұйымдастыру, ғылыми танымның әдістерін іздеу барысында оларды меңгеруді қамтамасыз ету, шығармашылық қызметке қызығушылықты, өздігінен білім алуға қажеттілікті қалыптастыру, ұсынылған тапсырмалардың проблемасын түсінуге көмектесу, проблеманы шешуге бағытталған әдіс-тәсілдерді құру, проблемалық жағдайларды түсінуге және талдауға, проблемалар мен тапсырмаларды жекелеп көрсетуге үйрету. Аталған технологияны оқыту процесіне енгізген американдық ғалым Джон Дьюи. Ол проблеманы шешу үшін оқушылардың шынайы тәжірибесін пайдаланған.

Мақалада шығармашылық-ізденіс технологиясына қойылатын талаптарды ескере отырып, тапсырма түрлерін ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Аталмыш технологияның іскерлік қазақ тілі курсында қолданысы тәжірибе түрінде беріліп, нәтижесінде студенттің танымдық білімін дамытып, креативті ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын еркін жеткізіп, сауатты жазуға үйретуге әсерін тигізетін құзіреттіліктер қалыптасады.

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сарбасова, А. 2021. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - ІЗДЕНІС ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 543–549. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.91.