Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АМАНХАН ӘЛІМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жарияланған June 2021

128

88

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е. Касенов

ф.ғ.к.

Аңдатпа

Мақалада ақын Аманхан Әлім поэзиясындағы тұрақты сөз тіркестерінің қолданылу ерекшелігі қарастырылған. Ақын қолданысындағы фразеологизмдердің ақынның өзіне ғана тән шеберлікпен қолданылғандығы және олардың ұлт танымымен байланысы сөз болған. Ақын Аманхан Әлім поэзиясындағы фразеологизмдерден ақынның дүниеге көзқарасы мен өмірлік тәжірибелерінің бір көрінісі анық байқалатыны сөз етілген. Ақын өлеңдеріндегі фразеологиялық бірліктер бүтін бір ұлттың дүниеге деген көзқарасы, айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасы, сондай-ақ халық даналығынан жинақталғандығы да мақалада көрініс тапқан. Сонымен қатар Аманхан Әлім поэзиясындағы фразеологизмдерді зерделеу өлең мәтініндегі тұрақты тіркестердің ерекшелігін тануға мүмкіндік беретіндігі нақтылы мысалдармен берілген. Аманхан Әлім поэзиясындағы тұрақты сөз тіркестері тілдік бірліктердің қарапайым тізбегі емес, ұлт тілінің көркемдігін айшықтау құралы екендігі де дәлелденген. Жалпыхалықтық фразеологизмдер құрамындағы тілдік бірліктердің өзге бірліктермен алмастырыла қолданылуы, ақын поэзиясының эмоционалды бояуын арттырып, қазақ тілінің ұлттық қазынасына үлес болып қосылатындығы сипатталған. Ақын Аманхан Әлімнің ұлт тіліндегі фразеологизмдерді мағына жағынан болсын, сыртқы форма жағынан болсын түрлендіріп қолдануы ақынның ұлттың тіл байлығын пайдаланудағы шеберлігін айқындайтыны мақалада нақты көрсетілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Касенов , Е. 2021. АМАНХАН ӘЛІМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 86–91. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.18.