Мақалада тіл біліміндегі жаңа әдіс, математика-логикалық әдіс туралы айтылады. Б.Сағындықұлы - этимологияны зерттеудегі жаңа әдіс, математика-логикалық әдістің негізін салушы. Математика-логикалық әдіс арқылы, сөз этимологиясын нақты және дөп басып табуға болады. Сонымен қатар, сөз этимологиясын ғана емес, “түбіртек теориясы” негізінде, кейбір білетін тілдеріміздегі негізгі сақталған базалық лексиканы пайдалана отырып, “барлық тіл бір тілден шыққан деген” теорияны дәлелдей алатындығымызды айтады.
Осы әдіс арқылы кейбір сөздердің этимологиясы көрсетіледі. Мақаладан салыстырмалы-тарихи әдістің сөз этимологиясын ашуда қауқарсыздығын байқауға болады.Сонымен қатар, сөздердің этимологиясын ашу барысында тілдегі заңдылықтардың, құбылыстардың барлығын дерлік байқай аламыз. Сонымен қоса, этимолог-ғалымдарға сөз этимологиясын ашуда, зерттеуде кешенді түрде фонетикалық, семантикалық, тарихи, морфологиялық, генеологиялық принциптермен өзгерістерді білу қажеттігін талап етеді.