Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім жүйесінде білім алушылардың құрамына академиялық оқу, академиялық жазу, академиялық сөйлеу, академиялық сауаттылығын дамыту мәселесі өзекті болуда.
Педагогика саласындағы докторанттар «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» атты базалық пәнді оқып-үйренеді. Бұл пән оларды дәрісханада көпшілік алдында сөйлеуге баулиды.
Сөз сөйлеу үшін білім алушы ғылыми баяндама жазып дайындайды. Ғылыми баяндама – зерттеушінің өзінің ғылыми ізденісінің, жобалауының, тәжірибесінің нәтижелерін баяндайтын көпшілік алдында сөз сөйлеуі.Сондықтан жоғары кәсіби біліктіліктің негізгі көрсеткіші ретінде ауызша сөйлеудің құзыреттілігін жетілдіру негізгі меже болып табылады.
Аталмыш пәннің мақсаты, құрылымы және мазмұны оқытушыға алты бағыт бойынша дидактикалық көрсетілімдерді жасауға және дәрістер мен семинарларда пайдалануға мүмкіндік тудырады.
Соңғы онжылдықта бұл көрсетілімдер докторанттардың педагогиканың философиялық және әдіснамалық негіздерін, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық құралын терең пайымдауға және меңгеруге ықпал етті.