Түркі тілдеріндегі шылауларды бір сөз табы ретінде қарағанымызбен (үшеуіне шылау деп ат беруінің себебі олардың үшеуі де бір сөздің шылауында келуіне байланысты айтылған болу керек), олардың үшеуінің қызметтерінің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Ол лексикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да айқын көрінеді. Мұның өзі шылау түрлерінің бір-бірімен жеткілікті деңгейде салыстырыла зерттелуін қажет етеді. Басқа сөз таптарының мәселелеріне байланысты қалыптасқан тұрақты теорияларға шылау сөз табының ие болуы қазақ тіл білімі, қала берді түркология үшін аса маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі саналады. Қазіргі қазақ тіліндегі шылауларға байланысты мәселенің шешіміне тек түркі тілдерін салыстыра зерттеу арқылы ғана қол жеткізе алатынымыз анық. Бірқатар түркі тілдеріндегі шылауларды салыстырудағы мақсат қазақ тіліндегі шылаулардың да қызметіне байланысты кеңірек пікір айтуға негізделеді. Тақырып нақтыланған сайын зерттегелі отырған тақырыптың қыр-сыры толық ашыла түсетіні ақиқат. Сол себепті бұл мақала түркі тілдеріндегі атау септікті меңгеретін септеуліктер мәселесіне арналады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
септеуліктер, салыстыра зерттеу, септіктерді меңгеру, септеуліктер қызметінің күрделілігі, түркі тілдері, ерекшеліктері
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жылқыбай , Г. 2021. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ АТАУ СЕПТІГІН МЕҢГЕРЕТІН СЕПТЕУЛІКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 78–82. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.16 .