Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҮНДЕСТІГІ

Жарияланған June 2021

97

106

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Оралова

ф.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан .

Аңдатпа

Бұл мақалада адамзат ақыл-ойы алыптарының көрнекті өкілдері болған екі ғұлама Әл-Фараби мен Абай арасындағы дүниетанымдық үндестік сөз болады. Абай ақын мен Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік, этикалық ой-тұжырымдарының қабысуы салыстырмалы түрде талданады.

Екі ойшыл ғұламалардың ұрпаққа қалдырған даналық ой-пікірлерінің бір-бірімен қабысып, үндесіп жататындығы шығармалары арқылы байыпталған. Әл-Фараби мен Абайдың ақыл-парасат, қадір-қасиет мүмкіндігі туралы айтылатын логикалық үндестіктің мәні талданған.

Әл-Фарабидің “Жан қуаты” жайында айтылатын философиялық ілімінің Абай қара сөздерінде тереңнен тамыр жайып, “жан құмары”, “жан қуаты”, “жанның азығы” деп түсіндірілетін философиялық даналықтарының ерекшеліктері, ұрпаққа берер тағылымы сөз болады. Фарабидің гуманистік идеяларының Абай шығармаларынан да көрініс тауып, оның халық арасына кеңінен таралып, насихаттық қызмет атқаруы әдебиеттанушы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып айқындалады. Әл-Фараби мен Абайдың өлең теориясына жетік болған шеберліктері шығармаларына талдау жасау арқылы бағаланды.

Хәкім Абай мен Әл-Фараби дүниетанымының үндестігі арқылы әлем әдебиетіндегі гуманистік-эстетикалық көзқарастар жүйесінің бірлігі оқырмандарын көркемдік-эстетикалық таным әлеміне жетелейтін сипаты түйінделді.

pdf.