Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АБАЙТАНУ ІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Жарияланған June 2021

122

138

Бәйішев Университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

М. Миров

ф.ғ. к., доцент,  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе, Қазақстан.

Аңдатпа

Бұл мақалада лингвист ғалым, профессор Қ.Жұбановтың Абайтану ілімін қалыптастырудағы ғылыми танымдары, Абай поэзиясын лингво-стилистикалық тұрғыдан зерттеу еңбектері жан-жақты қарастырылған. Профессор Қ.Жұбановтың «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» атты зерттеу еңбегі туралы ғалымдардың пікірлері жүйеленген. Аталмыш мақалада ғұлама ғалым Қ.Жұбановтың Абай туралы еңбегіндегі сөз саптау үлгілері, сөз қолдану машығы нақты мысалдармен дәлелдене отырып көрсетілген. Біз бұл мақалада проф. Қ.Жұбановтың өз қаламынан туған бейнелі қолданыстарды сөз еттік. Әрине, автордың ұтымды сөз саптауларын түгелдейқамтыдық дей алмаймыз. Біз тек «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген зерттеуіне сүйеніп әңгіме желісін өрбітіп отырмыз. Бұл ретте халықтыққолданыстарға да өз тарапынан да бұрыннан таныс этнографизмдерге жаңаша мағына теліп, перифразалық құбылыс есебінде де бере білетіндігі. Бұндай сөз қолданыстарда ғалым антитезалық, градациялық,контоминациялық, плеоназмдық әдіс-тәсілдерді молынан пайдаланады.

pdf.