Мақалада «сыпайылық» мәнінің грамматикалқ және семантикалық репрезентациясы қарастырылған. «Сыпайылық» семантикасын беретін грамматикалық формалар мен олардың түрлері, мағыналық айырымдары, жас және генетикалық ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын тілдік бірліктер мен сөз ормадары, олардың морфологиялық құрылымы мен синтаксистік байланыстары, семантикасы қарастырылған. «Сыпайы сөзі қатысу арқылы жасалған тілдік оралымдар – мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер, сонымен қатар «сыпайы» сөзі қатыспай-ақ «сыпайылық» мәнінің берілуін де қазақ тіліндегі мысалдар арқылы дәлелдеген. «Сыпайы емес, дөрекі» деген мағынаны беретін тілдік бірліктердің функционалды қолданысы сөз болып, «сыпайылық» мәні арқылы берілетін шынайылық мағынасы тілдік деректермен дәлелденген. «Сыпайылық» туралы жазылған ұлт жазушыларының афоризмдер мен әлемдік философтардың афоризмдерін келтіре отырып, ұлттық менталитетте «сыпайылық» ұғымын қабылдауда ерекшелік бар екеніне көз жеткізілді. Халқымыздың қатігездік пен өшпенділіктің кез келген көрінісіне қарсылық білдіріп, ұрпақты ғасырлар бойы кешірімділікке, қайырымдылыққа, ізгілікке үндейтін тілдік қолданыстары мол екені мен олардың ұлттық тәрбиені бойға сіңіруде үлесі зор екені сөз болады.
«СЫПАЙЫЛЫҚ» МӘНІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ, СЕМАНТИКАЛЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
Жарияланған June 2021
105
4
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ермекова , Т., Абдурахманова , И. і Абрахманова , Ж. 2021. «СЫПАЙЫЛЫҚ» МӘНІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ, СЕМАНТИКАЛЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 59–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.11.