“Мәдени реңкке ие лексика” термині 1980 жылдары пайда болды. Мәдени реңкке ие сөздерді бір тілден екінші тілге аудару мәселесі аудармашылар үшін қиындық туғызып келгені жасырын емес. Мұндай мәселе, әсіресе, салыстырылып отырған бұл тілдер бір-біріне ұқсамайтын екі тіл тобына жатса және олар түрлі мәдениетке тиесілі болса тіптен арта түспек. Соған қарамастан Мәдени реңкке ие сөздерді зерттеу аударма бара барлығына қол жеткізуге көмектеседі, ал бұл өз кезегінде әртүрлі тілде сөйлеушілер мен түрлі мәдениеттердің өзара түсіністікке жетуіне көмектеседі. Жоғарыда айтылғаны аударманы лингомәдени тұрғыдан зерттеудің өзектілігі мен уақтылығына баса назар аударады. Осындай мәселелерді шешуге көмектесер деген мақсатпен, бұл мақалада мәдени реңкке ие сөздерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері жайлы сөз болады. Онда түпнұсқа тіл (ТТ) мен аударма тілдеріне (АТ) тән өмір сүру және ойлау жолдарын, сондай-ақ, олардың тарихи және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, мәдени коннотацияларды аудару тәсілдері қарастырылады. Бұл әдістер Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” және Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” шығармаларындағы нақты мысалдар, түпнұсқалар және аудармалары бойынша талданады. Олай болса, бұл мақаланың негізгі мақсаты – аударманың көмегімен түрлі мәдениетті түсінуге қажетті тәсілдер мен теорияларды талқылау.
МӘДЕНИ РЕҢККЕ ИЕ СӨЗДЕРДІ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған June 2021
211
184
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
аударма тіл, түпнұсқа тіл, коннотациялар, мәдени реңкке ие сөздер, аударма барабарлығы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Mizamkhan , B. і Kalibekuly , T. 2021. МӘДЕНИ РЕҢККЕ ИЕ СӨЗДЕРДІ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 467–471. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.97.