Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДІГІ ЭКСПРЕССИЯ МЕН ЭМОЦИЯНЫҢ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР, МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ЖӘНЕ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР АРҚЫЛЫ КӨРІНУ СИПАТЫ

Жарияланды June 2021

434

429

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Дюсембина

аға оқытушы, PhD

Аннотация

Қазіргі баспасөзде экспрессия мен эмоцияның тілдік құралдар арқылы берілетін эмоционалдық реңкі оны саяси маңызды, мағынасы терең, халыққа ұғынықты және демократиялық принципке сай деп айтуға толық мүмкіндік береді. Мерзімді баспасөз тілінің лексикасы барынша стандартты келеді десек те, әдеби тілге тән экспрессивтік тілдік құралдар баспасөз тілінің де шарайын кіргізіп, эмоционалдық реңк үстемелейді. Аталмыш мақаламызда мерзімді баспасөздегі экспрессия мен эмоцияны білдірудегі психолингвистикалық құрылымдар, яғни фразеологизмдер, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер сынды тілдік құралдардың қолданылу ерекшелігі мен түрлері, жасалу жолдары мен рөлі турасында сөз қозғалады.

Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер – экспрессивтілігі өте күшті, образдылығы жағынан маңызды қызмет атақаратын стильдік құрылымдар. Олар баспасөз беттерінде өзгермеген қаз-қалпында да, инварианттық құрылым түрінде де, адресант тарапынан өзгеріске ұшырап та қолданылады. Мұндағы осы жанрдың функционалдық стиліне орай, қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді эмоционалды әсерлі етіп шебер суреттеуде мол мүмкіндіктер береді.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Дюсембина , Г. 2021. МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДІГІ ЭКСПРЕССИЯ МЕН ЭМОЦИЯНЫҢ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР, МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ЖӘНЕ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР АРҚЫЛЫ КӨРІНУ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 53–59. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.10.