Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ «ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланды June 2021

241

236

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Кенжебаева

п.ғ.к., аға оқытушысы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Нуптекеева

аға оқытушысы

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орындарында дуальді білім, мектеппен байланыс мәселелері күн тәртібіне қойылып отырған кезеңдегі мектеп мұғалімдерінің ұсынысымен енгізілген «Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы» курсының маңызына тоқталады. Мағына дәлдігі ой дәлдігімен де байланысты. Оның жүйелі, түсінікті, айқын болуы үшін, жекелеген сөздердің мағынасын ажыратып қою ғана жеткіліксіз, оларды теңін тауып тіркестіруге көңіл бөлу керектігі туралы айтылады. Өйткені сөйлем – ой – пікір білдіру, қарым – қатынас жасау информация беру үшін жұмсалатын синтаксистік единица. Сөйлемде сөздердің мағына айқындылығы мен өз орнына сәйкестігі, білдіретін ойға тікелей қатыстығы, бір – бірімен тіркесу заңдылығы мен сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі қатаң сақталынуы тиістігі сөз болады. Сөзді қандай қатесіз жазу керек болса, оны құлаққа жағымды, әуезді, мәнерлі етіп айту да сондай қажет. Дыбыстардың қырын сындырып айту, қатар тұрған екі дауысты дыбыстың бірін түсіріп қолдану, ерін үндестігін сақтау сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу керектігі. Сөйлеу үстінде сөздердің бір – бірімен қиюласып ритмикалық бір топ құрап, бір ырғақпен айтылуын да қадағалап отыру қажеттігі туралы айтылады.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Кенжебаева , Г. і Нуптекеева , Г. 2021. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ «ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 388–392. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.82.