Тұрмыс-салт жырлары қазақ халқының бай рухани әлеуетін құрайтын негізгі фактор. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін қазіргі өмірімізге сай оқыту әдістемесінің өзі қазақ фольклористикасының өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Оны шешу жолдары қазіргі әдеби үрдістерге сай жүзеге асуы қажет-ақ.
Тұрмыс-салт жырлары мектептен бері оқытылатындығы рас. Мектеп деңгейіндегі оқыту бағдарламалары бір жүйеге келтірілген. Оны дамыту, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жақсы жолға қойылған. Қазақтың тұрмыс-салт жырларын оқыту арқылы бала тәрбиесінің ұлттық негізде қалыптасуына игі шаралар жасалып жаттыр және ол бір орында қатып қалған емес. Уақыт өткен сайын технологиялық жетістіктер негізінде соған сай деңгейде оқытуға көңіл бөлініп келеді.
Ал жоғары оқу орындарында қазақтың тұрмыс-салт жырларын оқыту туралы мәселе көтерілсе де, әлі күнге дейін оның нақты бағдары жасалмай отыр. Жалпы, ЖОО-да ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың өзі даулы мәселе. Бұның қаншалықты қажеттілігі бар деген мәселені біз осы мақаламызда қаузамақшымыз.