Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

Ф.Ш. ОРАЗБАЕВАНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТІЛДІ ҮЙРЕНУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ТӘСІЛІДЕРІ

Жарияланды June 2021

270

265

Нархоз университетінің лингвистикалық орталығы
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Беркінбаева

магистр, оқытушысы

Аннотация

Мақалада коммуникативті құзыреттілік тұжырымдамалары көрсетіле отырып, коммуникативті тәсілдер туралы жалпы түсінік берілген. Оразбаева Фаузия Шамсиеқызының тілдік қатысым теориясы жайында көзқарастар келтіріліп, тілді оқыту бағдарламаларындағы коммуникативті тәсілдердің негізгі тармақтары талқыланды. Халықаралық педагогика ғылымдар академиясының академигі Оразбаева Фаузия Шамсиеқызының қазақ тілін оқыту әдістемесін жасаған тұңғыш ғалымдардың бірі ретінде танылады. Ф. Оразбаеваның мақалаларындағы оқыту барысындағы педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әрекетін тиімді ұштастыру мәселесі сөз етіледі. Диалогтік сөз мәдениетінің ерекешеліктері, сөйлеу мәдениеті, тілдік тұлға тақырыбына байланысты негізгі факторлар лингвист ғалымның ғылымға қосқан үлесі мысалдар арқылы көрсетіледі. Зерттеу жұмысында қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша педагогикалық қарым-қатынас жайында ғылыми жарияланымдар ұсынылған.

pdf (English)