Ғылыми мақалада ұлттық ойындар арқылы оқушының дүниетанымын дамытудың педагогикалық шарттары қарастырылған. Ұлттық ойын түрлерін білім беру бағытында қолдану білу, оны білімалушының болмысын дамытуға қолданудағы педагогикалық шарттарының қажеттілігі айқындалған. Ұлттық ойын – ұлттық құндылықтарды тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыратындығымен ерекшеленсе, ұлттық ойын түрлерін оқу үдерісінде пайдалану ұлттық тәрбиелік білім дағдысын қалыптастырады. Тиімді қолданылған ұлттық ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен сапалы орындайтын болады. Мақалада орта білім беру жағдайында оқушының дүниетанымдық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының үш тобы анықталып, білім беру үрдісінде қолдану жолдары нақтыланған. Ұлттық ойындарды сабақ беру үдерісінде ұйымдастыруды талдай келе, оның бірнеше ерекшеліктеріне тоқталған. Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогиканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы ұлттық құндылықтарын қастерлей алатын азамат дайындауға жол ашылады.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жарияланған June 2021
123
82
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Акажанова , А. і Рахимова, А. 2021. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 345–350. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.73.