Бұл мақалада қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаевтың балаларға арналған көркем туындылары сөз болады. Ол – қазақтың поэзия әлемiнде терең iз қалдырған, сөз өнерінің құдіретін асқақататып, өлең теориясында өзiндiк көркем өрнек тудырған, терең мұң-сырға, асқақ арман мен ұшқыр қиялға толы өлең дүниесiн кейiнгі ұрпаққа мирас етiп қалдырған ақындарымыздың бірі. Оның өр тұлғалы поззиясына ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ сахарасында болған небір шытырман оқиғалар мен тартысты жағдайлар арқау болған. Ақын өмір сүрген заман аумалы-төкпелi әлеуметтік-қоғамдық өзгерiстерге толы болды. Сол себепті де ақын шығармашылығы біз үшін көп уақыттарға дейiн жабулы қазандай тұңғиық қараңғылықта қалды. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқаннан кейін ғана қазақ мәдениетi мен әдебиетінiң ұлы тұлғаларының бiрi Мағжан ақын халқына қайта оралды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Юсуп , А. і Юсуп , П. 2021. М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 341–345. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.72.