Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА: ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАУ

Жарияланған June 2021

198

190

А.БайтұрсынұлыатындағыТілбіліміинституты, Алматы,Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Алдаш

ф.ғ.д., профессор А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы, Қазақстан.

Аңдатпа

Қазақ жазуының тарихы түбегейлі жаңа кезеңге ауысты: жаңа ғасыр басталған кезден бері латын графикасы негізіндегі қазақ тілін жаңғыртуға бағытталған саяси, заңнамалық және лингвистикалық бағыттағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. 2000жылдан бастап қазақ әліп биін, тұтастай алғанда, қазақ тілін жаңғыртудың нормативті-құқықтық және саяси бағыттары тіл саясатымен тіл стратегиясына арналған құжаттармен бағдарламаларда көрініс тапты. Олардың негізгілері–елдегі тілдердің дамуымен қолданылуын арналған мемлекеттік бағдарламалар; оларда тіл саясатын түсіндіруге бағытталған жаңа терминдермен терминдік тіркестер қолданылған. “Қазақұлттықжазуы” деген ұғымда қолданысқа түсті. Әлеуметтік-саяси мәні бар жаңа терминдер мен терминдік тіркестерді эксплицитті түрде түсіндіру маңызды болып саналады; бұл тарихи рухани қажеттіліктерге, сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына социумның саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал жасауы жағынанда өзекті.

pdf.