Мақалада отбасылық ғұрып фольклорының этнографиямен байланысы қарастырылады. Ғұрыптық фольклордың этнографиямен жымдаса өріліп жатқан аса күрделі байланысты екендігі мәлім мәселе. Ең алдымен, көзге ұратыны олардың шығу тегі мен атқаратын қызметтеріндегі ортақтастықтар. Бұл әрине, сырттай қарағанда-ақ байқалатын байланыстар. Ал оған тереңдей үңілсек, шырма-шату байланысқан сан қырлы, аса күрделі тамырластықты көреміз. Түптеп келгенде, ғұрыптық шығармалардың құрылымы, шындықты бейнелеудегі тәсілдері, мазмұны, сюжеттік желілері, мотивтер жиынтығы, былайша айтқанда, бүкіл поэтикалық құрылым жүйесі ғұрыппенен індете зерттеуді қажетсінетін етене байланыста, бірақ ол байланыстардың ғұрыптық мазмұнды беруде өзіндік қарым-қатынас заңдылықтары бар. Біздің мақсатымыз сол заңдылықтар жолына барлау жасау болып табылады. Әлемдік фольклортану ғылымында «ортақ тұстар» деп аталып кеткен мұндай параллелдер формулалар түрінде әртүрлі жанрларда үздіксіз қайталанып отырады. Мұның өзі фольклор поэтикасын зерттеудегі аса маңызды элемент болып табылады. Ол, әсіресе, этнографиялық, фольклорлық материалдар арқылы ежелгі дүниетаным, мифологиялық сана іздерін зерттеуге кең жол ашады.
ҚАЗАҚТЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Жарияланған June 2021
106
118
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Матыжанов, К. і Даутова, Г. 2021. ҚАЗАҚТЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 278–285.