Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҒАБИДЕН ҚҰЛАХМЕТТІҢ «ҮЙІРІ ЖОҚ КӨКЖАЛ» РОМАНЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР, ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ

Жарияланды June 2021

241

236

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Акбулатов

PhD доктор, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті,Орал, Қазақстан.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Әбдіғазиұлы

ф.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi, Алматы, Қазақстан

Аннотация

Мақалада тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ прозасындағы тың ізденістер зерттеледі. Проза саласындағы роман жанрының түрлік дамуы қарастырылады. Жаңа замандағы тақырыптар, заманауи проблемалардың проза саласынде игерілуі талданады. Аталған мәселелер Ғабиден Құлахметтің «Үйірі жоқ көкжал» романын талдау арқылы дәлелденеді. Романдағы 90-жылдардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері басты проблема ретінде көркемдік тұрғыдан шынайы суреттелуі қозғалған. Романдағы замандастарымыздың көркем бейнесі арқылы қазіргі қазақ қоғам шындығын көркемдеп толықтырудағы рөлі сараланған. Мақалада романның тақырыбына өзек болған мәселе тоқырау жылдарындағы қазақ елінің тұрмыс жағдайы, сыбайлас жемқорлық, қылмыстық әлем, саяси қылмыстар, ұлтаралық қақтығыстар сөз болған. Олар қарапайым адамдар, сондай-ақ үлкен мемлекеттік деңгейдегі шенеуніктердің прототиптік бейнелері, қылмыстық әлеммен байланысты көркемдік тұрғыдан шешім тауып талданған.

pdf.