Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ТІЛДІК ЖАДЫ – ЭТНОТАНЫМДЫҚ ФЕНОМЕН, ҰЛАҒАТТЫ ЖАДЫГЕРЛІК ҰҒЫМ (Ә. ҚАЙДАР ЕҢБЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Жарияланған June 2021

202

66

Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Э. Оразалиева

ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Аңдатпа

Уақыт пен заман талабына сай, тілді жоғары адамзаттық құндылық ретінде бағалау, оны антропологиялық танымның, этникалық жадының құралы деп сипаттау Ә. Қайдар зерттеулеріне негіз болар өзгешеліктер қатарын құрайды. Ғалым “тіл әлемін”, “Адамтану», “Қоғамтану”, “Табиғаттану” салаларының қалыптасуына негіз ете отырып, тілдік құралдар арқылы жасалатын“бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді түгел сөйлету”керек деп. есептеді. Нәтижесінде тілдік жадының негізінде, білім мен тәжірибе арқылы жиналған қор глоттогенез бен етногенез мәселелерін шешуге көмектесетін “этностың өзін танып-білуінің қайнар көзі” деп қабылданды. Тарихи, салыстырмалы, экстралингвистикалық зерттеулердің негізінде ғалым жеке ұлттық құндылықтарды жалпыадамзаттық аксиология ұғымдарымен шебер ұштастыра отырып, тіл тарихын тереңнен зерделеді. Тілші қабылдауында тілдік бірліктер жалқы мен жалпының үйлесімді жалғасы, этногенездік әрі жаһандық пәлсапаның нәтижесі деп танылды

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оразалиева, Э. 2021. ТІЛДІК ЖАДЫ – ЭТНОТАНЫМДЫҚ ФЕНОМЕН, ҰЛАҒАТТЫ ЖАДЫГЕРЛІК ҰҒЫМ (Ә. ҚАЙДАР ЕҢБЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 250–256. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.39.