Соматикалық фразеологизмдер қай тілде болмасын жалпы фразеологиялық қордың көне әрі жиі жұмсалатын, танымдық функциясы тереңде жатқан танымдық мәні зор тіл бірліктерінің қатарына жатады. Қазақ және түрік тілдері түбі бір туыс болғанымен, бір-біріне лексикалық мағыналары сәйкес келсе де, контекстік қолданылуы, ерекшеліктері бар.Қазақ және түрік тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдердің жалпы лексика-грамматикалық сипаттарына қатысты мәселелер қарастырылды.Қазақ және түрік тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің басым көпшілігін етістік сөз табына қатысты болады.Қaзaқ және түрік тіліндегі сомaтизмдер көне түркі тілінен қaлыптaсып, бүгінгі күнге дейін өзінің көне элементтерін жоғaлтa қоймaғaн. Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерді жинақтау, өзіндік белгілерін анықтау, ерекшеліктерін салыстыру, ортақ семантикалық өрістеріне сүйеніп, халықтың дүниетанымы, ой-сезімі, жалпы мәдениеті қарастырылды.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
түркі тілдері, соматизмдер, фразеология, семантика
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асқарова , Г. і Теменова , Г. 2021. ФРАЗЕОЛОГИЯ: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СОМАТИЗМДЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 33–37. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.06.