Қоғам дамуының жаңа сатысында жоғары білім беру жүйесіндегі талаптардың өзгеруі болашақ мамандарды қалыптастырудың өзгеше мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі білім мазмұнын қамтитын іргелі пәндер сондай мүмкіндіктерді оңтайлы жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Жоғары білім берудің нәтижесі – білім алушының танымдық әрекеттерін жан-жақты дамыту. Студенттің ғылыми-танымдық әлеуеті жүйеленген ғылыми білімнің және кәсіби білімнің, сондай-ақ танымның және ғылыми-зерттеудің ғылыми әдістерін түрлендіру және қолдану дағдыларының жиынтығын шоғырландыратын тұлғалық сапа ретінде; ғылыми-зерттеу процесінде ауқымды ғылыми ақпараттармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі дамыту және бастамашылдық таныту; зерттеушілік салада тұлғалық және кәсіби тұрғыдан қалыптасуға бейімділік ретінде түсіндіріледі. Осымен байланысты Жалпы тіл білімі – филология мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін арттыруға ықпал ететін теориялық негізгі пән. Мақалада студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін арттырудағы “Жалпы тіл білімі” пәнінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері жоғары білім беру жүйесінің талаптары шеңберінде талданады.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ “ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ” ПӘНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Жарияланған June 2021
101
119
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Набидуллин, А. 2021. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ “ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ” ПӘНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 206–211. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.32.