Қазіргі заманғы лингвистикалық ғылымдардың даму кезеңінде, тіл мәселесінің адамдардың өмір сүруінің басты формасы мен ортасы ретінде қарастырылуы ғалымдардың басты назарында болуына орай,дискурсты адамдардың өмір сүруінің нақты салаларында зерттеу, әлдеқашан дамыған тілдік жағдаяттарға жаңа серпіліс әкелуі мүмкін. Осыған орай, мақала дискурс ұғымын анықтауға арналды, сонымен қатар дискурстың лингвистикадағы алатын орны жайлы мəселелер қарастырылды, отбасы дискурсына анықтама берілді.Аталмыш феноменнің негізгі белгілерін анықтау басты назарда болды. Адам дискурстың әсер ету обьектісі ғана болып қоймай, сонымен қатар сол дискурстың қатысушысы да болады.Бірінші кезекте, бұған отбасылық дискурс және сол отбасындағы жақын адамдармен қарым-қатынасқа түсудің диалог сияқты түрлері де жатады. Отбасылық дискурстың негізгі міндеті отбасындағы жағдайды реттеп отыру және жақын адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру болып табылады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Койлыбаева, Р. і Жунисова , М. 2021. ОТБАСЫ ДИСКУРСЫНА ТӘН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 202–206. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.31.