Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР

Жарияланды June 2021

437

432

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Лепесбай

PhD докторант

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Смағұлова

ф. ғ. д., профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан.

Аннотация

Мақалада біз қоғамда тұлғаны әлеуметтендіру процесінде негізгі қызмет атқаратын институационалды коммуникацияға тоқталамыз. Адам белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс жүзінде кездеспейтіндіктен индивидтің әр түрлі топтарға қатысты жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топтағы функционалдық мүмкіндіктерін талдау қажет. Қарым-қатынаспен байланысты барлық әлеуметтік-практикалық мәселелер өзекті және кез келген институционалды қарым-қатынас тілдік қатынасқа тәуелді. Демек дәл осы қарым-қатынас социумды ұйымдастырады және адамның өз мінез-құлқын басқа адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқымен сәйкестендіре отырып, онда өмір сүруге және дамуға мүмкіндік береді. Осы тұста қарым-қатынасты зерттеудегі түрлі аспектілер мен жағдаят түрлері анықталады. Қарым-қатынас формаларының тиісті дамуынсыз тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, өнер, саясат, идеология және т. б. сияқты адам қызметінің салаларының дамуы іс жүзінде мүмкін емес. Қоғамның әртүрлі әлеуметтік институттарға бөлінетінін айта келе, институционалды қарым-қатынас ұғымына кеңінен тоқталамыз. Әлеуметтік институттарды кеңінен зерттеген ғалымдардың пікірлеріне шолу жасаймыз. Осылайша институционалды қарым-қатынасты зерттеудің маңыздылығын арттыру қажеттігін анықтай түсеміз.

pdf.
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Лепесбай, Г. і Смағұлова, Г. 2021. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 196–202. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.30.