Компьютерлік желілердің, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы және осы үрдістерден кейінгі адам қарым-қатынасы салаларының кеңеюі адам өмірінің тілдік (дәлірек айтқанда, сөйлеу) саласына сөзсіз әсер етті және әртүрлі жанрдағы мәтіндердің пайда болуына ықпал жасады.Ұсынылып отырған жұмыс сөзжасамдық және лингвоперсонологиялық аспектілердегі қазақстандық саяси интернет-түсініктемелерді зерттеуге арналған. Саяси мақаланың мәтіні сөзжасамдық қызмет ету әлеуетіне ие, ол интернет-түсіндірме мәтінінде жүзеге асырылады және вариативті стратегиялар мен тактикалардың әсерінен байқалады.Зерттеудің мақсаты қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелердің персондық және мәтіндік мәтін сөзжасамы параметрлерін анықтау болып табылады. Туынды мәтіннің мазмұны, түрі мен қызметі параметрлеріне жіктеуді негізгеала отырып, біз мәтіндік іс-әрекеттің субъективті (персондық) және объективті (мәтіндік) стратегияларындағы мәтін сөзжасамы тактикасын анықтадық. Мәтін сөзжасамы және лингвоперсонологиялық зерттеулердің нәтижесі қазақстандық интернет-түсіндірмелерде мәтіндік стратегия басым екенін көрсетті, мұнда ең көп қолданылатын тактика кілтті сөздердің тактикасы және мазмұнды көшіру тактикасы болып табылады.
СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОПЕРСОНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЯСИ ИНТЕРНЕТ-ТҮСІНДІРМЕЛЕР
Жарияланған June 2021
126
119
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
саяси дискурс, интернет-түсіндірме, лингвоперсонология, мәтін сөзжасамы, тілдік тұлға, туынды мәтін
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асанбаева , Е., Ергалиева , С. і Ергалиев , К. 2021. СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОПЕРСОНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЯСИ ИНТЕРНЕТ-ТҮСІНДІРМЕЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 27–33. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.05.