Мақалада профессор Қ.Жұбановтың қазақ тілінің алғашқы шешуін күткен мәселелерін, қазақ әліпбиі мен жазу емлесін түзеу, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру, қазақ терминологиясын қалыптастыру, қазақ тілінің алғашқы ғылыми оқулықтарын жазу сияқты т.б. ғылыми жұмыстарға белсене араласқаны сөз болады. Ғалымның еңбектерімен танысу барысында оның қазақ тілін ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеуге назар аударғанын байқауға болады. Ол қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын таныту үшін қазақ тіліндегі әр сөздің фонетика, лексика-грамматикалық ерекшеліктерін, тарихи даму заңдылықтарын терең талдап көрсете білгені туралы айтылады.
Тілтаным мәселесі жөніндегі көзқарастарын терең тану үшін ғалымның “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар” еңбегі, “Қазақ тілінің грамматикасы” оқулығы, “Қазақ тілінің програмы” бағдарламасы, “Жаңа грамматиканың жаңалықтары”, “Қазақ тілінің емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері (Жанғазыға хат)”, !Из истории порядка слов в казахском предложении”, “Заметки о вспомогательных и сложных глаголах”, “Образование сложных слов в казахском языке”, “О формах сочетания слов в казахском языке”, “Служебные слова”, “О построении речи на казахском языке”, т.б. ғылыми еңбектеріне талдау жасалады.