Мақалада шешеннің адамгершілік болмысы мен интеллектуалдық қабілеті, шешен адамның бойындағы тағылым алар үлгілі қасиеттері сөз етіледі. Шешенге қажет ең басты қасиет - білімділік. Үнемі ізденіп, өз білімін жан-жақты толықтырып отыратын адамның ойы да бай болады. Шешенге қойылатын басты талап - шыншылдық. Шын ойға құрылған пікір ғана тыңдаушыға жағымды әсер етіп, ойына қозғау салады. Ал, қандай әрлеп, өңдеп, әсемдеп айтылса да, өтірік нәрсе тыңдаушыны тартпайды. Сонымен қатар мақалада шешеннің сөйлейтін мәселесін анық білуі де шешенге қойылар басты талап болып табылатындығы, өзі білмейтін нәрсе туралы айтып, басқаларды сөзіне ұйыту мүмкін емес екендігі сөз етіледі.Шешеннің бойында жинақылықта болуы маңызды. Мұнда тек сөйленер сөздің ғана емес, ойдың нақтылығы, тақырыптан ауытқымауы, өзін де, аудиторияны да игеруі секілді мәселелер қамтылады. Шешенге аңғарымпаз болу қажет. Өз сөзінің тындаушыға әсерін бақылай білу - жағдаятқа қарай шұғыл, сәтті шешім жасаудың басты кепілі. Бұл шешеннің адам психологиясын тануына, олармен мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасай білуіне негіз болады.
Тіл
English
Кілтті сөздер
шешендік, сөйлеу мәдениеті
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Alibayeva М. 2021. ШЕШЕННІҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 24–27. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.04.