Мақалада авторлар жалпы білім беру мазмұнын жаңарту үрдістерінің қазақстандық мектеп оқулықтарындағы көрінісін қарастырады және жаңа форматтағы оқулықтарға қойылатын бірқатар талаптарды атап көрсетеді.
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Сондай-ақ, мақалада білім беру саласындағы білім беру мазмұнын жаңартумен және оның қазақстандық оқулықтарында көрсетілуімен байланысты негізгі үрдістер анықталады және талданады. Жылдам дамып келе жатқан жоғары технологиялар мен ақпарат әлемінде білім берудің жаңа тәсілі оқушылардан пәндік салада машықтарды меңгеруді ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен сыни ойлау, оқу проблемалары мен міндеттерін шешудің жаңа тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Әмбебап дағдыларға көбінесе көшбасшылық, креативтік (шығармашылық ойлау), өз уақытын тиімді басқару, дивергенттік ойлау, когнитивтік икемділік сияқты әлеуметтік-психологиялық дағдылар жатады