Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ КӨРКЕМДЕЛУ СИПАТЫ

Жарияланған June 2021

204

174

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж. Сейсенбаева

ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры

Аңдатпа

Мақалада қыз бала тәрбиесінің қазақ әдебиетінде көркемделу сипаты мен ерекшелігі айқындалған. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі ана бейнесінің, қыз тәрбиесінің суреттелу ерекшелігін нақты мысалдармен дәлелденген ғылыми мақалада қазақ қыздарына қайсарлық, өжеттік, тәкаппарлық, көрегенділік пен даналық сияқты қасиеттер ғасырлар бойы ел аузындағы аңыз әңгімелерге, батырлар жырына, ән-жырға арқау болғандығы тұжырымдалған. «Қызға қырық үйден тыю» деген дана философиялық қағидаға орай ата-бабаларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. «Қыз өссе елдің көркі» дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, әдемілікке баулыған. «Қыз жат жұрттық» деп айтылып, өмірден сабақ ала білген бабаларымыз бөтен елде қыздарының тәрбиелігі-мен, көргендігімен дараланғанын қалады.

Қазіргі ұлттық әдебиетіміздің алдында тұрған ең басты мәселе – әйел-аналар бойынан кездесетін жағымсыз мінездерден гөрі, ертеден бойына құт дарыған, отбасының берекесі, ұлттың тәрбиесін негізге алған әйел-аналар бейнелері шебер сомдалған шығармалардан үзінді келтірілген. Елінің еркіндігі үшін ерлермен бірге атқа қонып, қайыспас қайсарлық танытқан қазақ­тың батыр қыздары туралы жазылған шығармалар туралы да ғылыми мақалада мысалдар келтірілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сейсенбаева , Ж. 2021. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ КӨРКЕМДЕЛУ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 298–302. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.64.