Ғылыми мақалада ежелгі дәуір әдеби мұралардағы ағаш бейнесі туралы айтылады. Ежелгі дәуір әдебиеті мұралары туралы айтқанда, ең алдымен туындылардың тек қазақ халқына ғана емес, өзге де түркі тектес халықтардың әдебиетімен ортақ екендігін, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы, ғылыми тұрғыдан қай халықтың әдебиеті бүгінгі күнгі тілдегі ұлт тілімен жазылуы шарт еместігін ескеруіміз керек. Осындай ортақ мұралардың бірі мақаламызға арқау болған аңыз-ертегілердің символына айналған мықан ағашының нысаналық белгісін айтуға болады. Алып ағаш жайлы көптеген аңыз-әңгімелер, тамырын тереңге жайған түркі тектес ұлттардың түп ата-тегінің бейнесін көрсеткен ағаш жайлы «Алып терегім құлады»- деген сөз бар. Бұл сөз өте ертеде өзіндік мағынасымен құнды, аңыз ертегілерімен де іспеттес жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін киелі ағаш ретінде тарихтан өз орнын тапқанды жайында мақалада жан-жақты сұрыпталып, нақты мысалдармен дәйектелді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сарбасов , Ж. і Кдыралиева , Ж. 2021. ЕЖЕЛГІ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДАҒЫ АҒАШ БЕЙНЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 295–298. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.63.