Мақалада түркі тілдеріндегі вариантты сөздер қарастырылады. Тіл тарихы тұрғысынан методологиялық аспектіде вариантты сөздерді талдау көне түбірлер мен формаларды қалпына келтіруде маңызды орын алады. Бір мағына беретін, түрлі нұсқада бірде тіл алды, бірде тіл арты дауыстыларымен айтылатын сөз вариантарын зерттеуде осы құбылыс байқалады. Тілдің дамуы барысында тіл алды, тіл ортасы дауыстылары, дауыссыздары тіл алдына қарай жылжыған. Табиғат жағдайларының, адамның физикалық белгілерінің өзгеруі де осы құбылыстың пайда болуына әсер еткен. Қазақ әдеби тілінде, диалектілерінде жуан дыбысталатын сөз варианттары бар. Сонымен қатар, туыстас түркі тілдері мен олардың жергілікті тіл ерекшеліктерінде де жуан түбірлерді кездестіруге болады. Көне жазба ескерткіштер тілінде ерте кезеңдерде де жарыспалы қолданылатын сөздердің жуан, тіл арты дауыстылары болған, жіңішке дауыстылар қолданылмаған. Мақалада осы мәселе жан-жақты талданады.
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Raeva , G. і Ilyassova , N. 2021. ТҮРКІ СӨЗІ: ВАРИАНТЫ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ Аңдатпа. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 284–287. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.61.